«Театр – өнеге көзі, тәрбие ошағы» Избранное

Пятница, 05 Апрель 2024 06:31 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 918 раз

Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының құрылғанына 95 жыл толып отыр. Мерейтойға орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Театр – өнеге көзі, тәрбие ошағы» атты өнер кеші өтті. Кешке студенттер, кітапхана оқырмандары, өнерсүйер қауым қатысты.

SAIA

 

Өмірлерін сахнаға арнаған асыл апаларымыз театр тарихы жайлы, өнер ордасында өшпестей орын қалдырған театр майталмандарының өмірі мен шығармашылығы жайлы тың деректермен, естеліктерімен бөлісті. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мәдениет және өнер» факультетінің студенттері Абайдың, Чеховтың туындыларынан монолог оқып, көрермендерге рухани ләззат сыйлады.
— Биыл театрымыздың құрылғанына
95 жыл толып отыр. Осыған орай қаламыздың бас кітапханасымен бірлесіп Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрына арналған жеті тақырып аясында өнер кештерін ұйымдастыру жоспарланған. Бүгінгі екінші кешімізді «Алғаш кәсіби қарлығаштар келген 1938 жыл» деп атадық. Сол жылдардағы театр тынысымен, тарихи оқиғалармен бөлістік, — деді Ж. Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, жазушы-драматург Сая Қасымбек.
Кеш соңында өнер кешінде белсенділік танытқан студенттерге кітапхана басшылығы атынан мақтау қағаздары табысталып, естелікке суретке түсті.

Абылайхан ОРАЗӘЛИЕВ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.