Тәуелсіздікке тарту: Шымкенттік ұстаздар Республикалық турнирде топ жарды

Понедельник, 29 Ноябрь 2021 10:50 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 1828 раз

tauelsizdikke-tartu

Жуырда ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми–практикалық дене тәрбиесі» орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында республикалық «ІІ Мұғалімдер спартакиадасы» өткен болатын.

Аталған спорттық додаға Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты әдістемелік орталықтың қызметкерлері Нартай Күзенбаев пен Дәулет Куттеев бастаған мұғалімдер командасы бақ сынап қайтты. Республикамыздың 17 аймағынан келген қарсыластарын жеңген Шымкент қаласы жалпы командалық есепте І орын иеленді.

Спортты серік еткен ұстаздар волейбол, футбол, үстел теннисті секілді ойынның үш түрінен озық шықты. Сайыста Шымкент қаласындағы №64, №50, №89, №113, №23, №46, №88, №30, №129, №104, №1, №30, №87, №72, №11, №90, №110, №69, №71, №94, №85, «Кэмбридж» жалпы орта мектептері мен Назарбаев зияткерлік мектебі және Жол-көлік колледжінің белсенді мұғалімдері үшінші мегаполистің намысын қорғап, жеңіс биігіне көтерілуіне атсалысты.

Ел егемендігін алған отыз жыл ішінде біздің елімізде бұқаралық спортты дамыту жолында қыруар жұмыстар ат¬қарылды. Ел Президенті спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әр¬дайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді.

Даулет КУТТЕЕВ,
Шымкент қалалық білім басқармасы әдістемелік орталығының дене тәрбиесі әдіскері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.