Ұстаздар қашықтан білім берудегі тәжірибесімен бөлісті

Среда, 21 Апрель 2021 06:23 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 9454 раз

Еліміздегі 1000 астам педагог NIS-те өткен онлайн форматтағы кездесуде «Жаңа жағдайдағы білім беру: пандемия сабақтарын» талдады.
Білім берудегі жаңа өзгерістер қандай және оған қандай факторлар әсер етті? «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова баяндамасын осы сұрақтарға жауап беруден бастады.

667

 

Шынында да, бүгінде жаңа технологиялар білім беру қажеттіліктерін өзгертуде, сілкіністер мен белгісіздіктерге қарсы тұру арқылы болашақ қалыптасуда. Білім беру цифрлық трансформациядан өтуде, ол цифрлық білім беру инфрақұрылымын және цифрлық оқу-әдістемелік материалдарын, цифрлық бағалауды, құралдар мен сервистерді дамытуды, оқу жұмысын ұйымдастырудың жаңа модельдерін әзірлеуді, таратуды көздейді, – деп атап өтті Күләш Ноғатайқызы.

668


Литвадан қосылған белгілі ғалым, Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің сарапшысы Дарюс Радкявичюс те өз ойларымен бөлісті:
– Қашықтан оқыту кезінде оқушы нені жоғалтады? Ең бастысы – топтық жұмыс барысындағы жаңаны тану қуанышы, бір-бірін шабыттандыратын энергия, бірлескен саяхат, мерекелер. Мұғалім нені жоғалтады? Бұл – esprit, яғни жаныңыздан қуанышқа толы балаларды және олардың жарқыраған көздерін көрген кездегі жан мен ақылдың шынайы резонансы, дидактикалық шабыт.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қожаберген жырау атындағы орта мектеп директоры Бауыржан Мұсабаев пен Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық №1 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Нұргүл Абдуллаеваның пандемия сабақтары мен қашықтан оқытуды енгізу туралы баяндамалары педагогтердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Орал қаласындағы Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Айжан Жанатова литвалық спикер секілді, бірінші кезекте балалардың оқуға деген ықыласын жоғалтпау, кері байланыс орнату және оқушыларды эмоционалдық күйзеліс пен сенімсіздік жағдайында қалай ынталандыру керектігі туралы жеке тәжірибесімен бөлісті.
Педагогикалық өлшемдер орталығының директоры Айдана Шилибекованың баяндамасы бүгінгі күннің өзекті тақырыбы – жаңа жағдайдағы бағалау мен оның болашағына арналды.
Дөңгелек үстел кәсіби ой талқыға қосылған Зияткерлік және жалпы білім беретін мектептердің мыңдаған мұғалімдері үшін жақсы тәжірибе болды. Мұғалімдердің басым көпшілігі Зияткерлік мектептермен әртүрлі серіктестік жобалар біріктіретін орта мектептерде жұмыс істейді. Олар - Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша «Ауыл мектебі: powered by NIS», Түркістан облысы Мақтаарал ауданы бойынша «Біз біргеміз», «Global Teacher Prize 2021» амбассадоры Динара Бейсембаеваның жобасы бойынша Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылының С.Сейфуллин атындағы орта мектебі және өзге де көптеген мектептер.
Барлық педагогтер білім берудегі жаңа жағдай туралы кәсіби рефлексияның және әрбір мектеп үшін пандемия форматындағы басты үрдістерді анықтаудың өзектілігі мен қажеттілігін атап өтті.
Пандемия сабақтары жөніндегі дөңгелек үстел – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған NIS мерейтойлық жобасы аясындағы әлемдік білім берудегі стратегиялық трендтер бойынша дөңгелек үстелдер сериясының алғашқысы болып табылады.


Назарбаев Зияткердік мектебінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.