Педагогтарға негізсіз төленген үстемақылар

Понедельник, 28 Декабрь 2020 10:32 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 1947 раз

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім мекемелерінде жұмыс істейтін педагог қызметкерлердің ұлттық біліктілік тестілеу қорытындысымен берілген анықтамалары мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі - ҰТО) ОҚМПУ филиалының хаттамаларындағы, сонымен бірге ҰТО-ның http://testcenter.kz ресми сайтындағы ұлттық біліктілік тест нәтижелері арасындағы анықталған айырмашылыққа сәйкес, артық төленген бюджет қаражаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақталуына мемлекеттік аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Аудиторлық іс-шара нәтижесінде: Басқармаға қарасты осы аудиторлық есепте көрсетілген 64 (алпыс төрт) мектептің педагог-мамандарымен, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығының «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары» көрсетілген 2-параграфы 23-тармағының талаптары бұзылғаны анықталды.

Бұл ретте, аудиторлық есеппен қамтылған 64 мектептің педагог-мамандары аттестаттаудың бірінші кезеңінде, ұлттық біліктілік тестілеуден өтпегендіктен, аттестациялық комиссиямен берілген «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» санаттары негізсіз болады.

Нәтижеде, осы аудитпен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы 4-қосымшасының талаптары сақталмай, жалпы сомасы – 194 777 920 тенгенің қаржылық бұзушылығы анықталды.

Департамент тарапынан анықталған заң бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданып, негізсіз артық төленген жалпы соманың бүгінгі күнге 22 960 296 теңгесі бюджетке кері қайтарылды.

 

 

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаржылық есептілік аудиті бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы Н.Исмаилов

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.