ЖАС ОҚЫРМАНДАР «ЖҰЛДЫЗДЫ ЖОРЫҚ» КІТАБЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Пятница, 13 Октябрь 2023 09:14 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4299 раз

Қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосқан, шытырман оқиғалы детектив жанрын алып келген және негізін қалаған журналист, жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орай жас ұрпаққа өнегелі өмірі мен шығармаларын насихаттау мақсатында орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің №12 кітапхана бөлімшесінде "Жұлдызды жорық" кітабы бойынша әдеби вернисаж ұйымдастырылды.

511

 

Өзінің 63 жылдық ғұмырында тынымсыз еңбектеніп, қыруар шығармаларын соңына қалдырған жазушы Кемел Тоқаевтың да балалар әдебиетіне ден қойып арнайы көркем еңбектер жазған. Сұрапыл жылдарда өмір сүріп, қым-қуыт қиын кезеңде еңбек еткен ұрпақ қамын ойлап, ұлттың болашағы болған балалар тақырыбына да тоқталып өткен екен. Соның ішінде "Жұлдызды жорықтар" кітабы талдап, талқылап таныстырылды. Оқушылар еліміздегі ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдардың от жалынға оранған күреске толы күндері және ел мен жер үшін күрескен тұлғаға кеңінен сипаттама берді.

512

"Соңғы соққы" кітабынан үзінділер оқыды."Ауыл қызы", "Жұлдызды жорықтар" әңгімелерінен үзінділер оқыды. Ақындардың жазушыға арналған арнау өлеңдерін жатқа айтып берді. Шара соңында "Өшпестей із қалдырған бұл өмірде" атты кітап көрмесіне шолу жасалып, балаларға арналған шығармалары насихатталды.

Қазына ЖҮНІСБЕКОВА,

орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің №12 кітапхана бөлімшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.