Үкімет Мемлекет басшысының Жолдауда жүктеген міндеттерін орындау үшін жалпыұлттық жоспарды бекітті. Жоба 5 бағытты қамтиды. Соның аясында 81 іс-шара жүргізу жоспарлануда.
Одан бөлек, жаңадан 6 заң жобасы қабылданбақ. Ол педофилдерге, есірткі тасымалдаушыларға және адам саудасымен айналысатындарға жазаны күшейту үшін жасалады. Жалпыұлттық жоспар енді Президенттің қарауына жіберіледі. Мемлекет басшысы бекітсе, құзырлы орындар сол бойынша дереу жұмысқа кіріспек.
– Президент өз Жолдауында негізгі бес бағыт бойынша басты міндеттерді белгілеп берді.
Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралардың ұсынылып отырған жоспары берілген тапсырмалар негізінде дайындалды. Президент құжатты бекіткеннен кейін мемлекеттік органдар мен әкімдіктер алға қойылған міндеттерді шешуге дереу кірісу керек, – ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин.