Қаламгердің шығармашылығына арналды

Пятница, 02 Декабрь 2022 05:47 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 542 раз

Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Ғабиден Мұстафиннің туғанына – 120 жыл. Жазушының өмірі мен шығармашылығы ОБКЖ-нің №9 кітапханасында дәріптеліп, әдеби сағатқа Бауыржан Момышұлы атындағы №44 мектептің 8 А сынып оқушылары қатысты.

27

 

Әдеби сағатта жазушының «Шығанақ», «Қарағанды», «Дауылдан кейін» романдарын таныстырып, оқушылармен бірге талқыланды. Романдарда сол дәуір адамдарының тағдыр-тіршілігін, қиын-қыстау күресін, өмір үшін бәрімен бетпе-бет келуін көркем сөзбен кестелеген. Бұл – адам баласының еңбек пен өсіп, шыңдалу жолындағы ерен ерлігін көрсететін, жас болашақ ұрпаққа берер үлгі-өнегесі мол шығармалар.
Ғабиден Мұстафиннің шығармалары елімен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа шырайлы сөзі жете бермек. Басқосу соңында кітапханашылар кітап көрмесіне шолу жасап, жас оқырмандарды жазушының өзге де туындыларымен таныстырды.

М.БӨРҒАЗИЕВА,
ОБКЖ-нің №9 балалар кітапханасының қызметкері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.