Ебін тауып ешкі баққан кәсіпкер
Пятница, 06 Октябрь 2023 04:26Алғашқы капиталын ешкі бағып, оның сүтін сатудан бастаған Кәмшат Сүлейменова «Бастау бизнес» жобасының үлкен мүмкіндік бергенін айтады. Еңбекқор әйел басында туыстарының ешкісін сауып жүріп, ешкі сүтіне деген сұраныстың көптігін байқаған. Өзі де кәсіп ашуды жоспарлап жүргендіктен мемлекеттік грантқа үміткер болып, бизнес жоспарын қорғап шығады. Сол арқылы 1 380 000 теңгеге 5 бас ешкі, 1 теке алып, аз уақыттың ішінде кәсібін бастап кетті.
«Балалық шақ мекені»
Пятница, 29 Сентябрь 2023 03:52Шымкенттегі қалалық Оқушылар сарайы жаңа оқу жылын осы тақырыптағы Ашық есік күнімен бастады. Тарихы терең бұл мекемеде шығармашылығын шыңдаған балалар мен жасөспірімдер Қазақстанда ғана емес, әлемнің талай елінде өткен додаларда топ жарып жүргенін мақтанышпен айтуға болады.
Шетелдік және отандық travel-блогерлер Шымкентте
Пятница, 29 Сентябрь 2023 03:4727 қыркүйек – бүкіләлемдік туризм күніне орай, Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен үш күндік пресс-тур өтті. Ақпараттық турға 50-ге жуық шетелдік және отандық travel-блогерлер, БАҚ өкілдері қатысып, қонақтар қаланың тарихи және тартымды орындарын тамашалады. Алдымен Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Үндістан, Германиядан келген қонақтар А.С.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында басқосып, оларға үшінші мегаполистің туристік әлеуеті туралы ақпарат беріліп, имидждік бейнеролик көрсетілді.
Мамандар жеке кеңес береді
Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:37Шымкентте қиын өмірге тап болған пробация жастарына психологиялық жеке қабылдау өтіп жатыр. Азаматтардың қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзетуге бағытталған қызмет түрін биыл 150 азамат алады. Психолог мамандар жеке қабылдауға суицид жасайтындар, пробация тізімінде бар және лудоманияға душар болған жандар жүгінетінін айтты.
Өмірге құштар жандар
Среда, 13 Сентябрь 2023 04:47Қалалық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында зағип жандар арасында шахматтан жарыс өтті. Спорттық додаға 20 мүмкіндігі шектеулі ойыншы қатысып, өзара жеңімпазды анықтады. Үздік шыққан шахматшыны Жастар ресурстық орталығында өтетін кеште арнайы марапаттайтын болады.
100-ге жуық ерекше жас экскурсияға шықты
Среда, 13 Сентябрь 2023 04:44Шымкент қаласындағы ерекше күтімді қажет ететін жастар Цитадель көне қалашығына экскурсия жасады. Игі іс-шараға Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйытқы болды. Басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі жастарға кедергісіз орта қалыптастыру, өмір сүру сапасын арттыру.
50 ҮМІТКЕР РЕЗЕРВКЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ
Среда, 13 Сентябрь 2023 04:41Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Президенттік жастар кадр резервінің үшінші іріктеу кезеңі бірінші қыркүйек күні басталған болатын. Жастарды мемлекеттік қызметке орналастыруға бағытталған жобаға іріктеудің тәртібі бойынша жиын өтті.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОҚУ – КӘСІПКЕ ЖОЛ
Среда, 06 Сентябрь 2023 04:10Қаламызда мемлекеттік бағдарламалар аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп, өз кәсібін дөңгелетіп отырғандардың қатары артып келеді. Ал шымкенттік жас кәсіпкер Бахрам Жамалов «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы арқылы өзінің «Cultura Barbershop» деп аталатын ерлерге арналған шаштаразында былтыр үш айлық курста 15 шәкіртті оқытып, олардың жұмысқа орналасуына себепкер болған.