Сыбайлас жемқорлықпен жаппай күрес – маңызды іс

Четверг, 16 Май 2024 07:35 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1235 раз

Сыбайлас жемқорлықпен күресу шараларын қабылдауда мемлекеттің рөлі қаншалықты белсенді болса да, бұл күресті азаматтардың көмегінсіз жүргізу мүмкін емес. Қоғамда заң мен қолданыстағы құқықтық тәртіпті құрметтейтін, сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, заңның барлық белгіленген нормаларын сақтауға ұмтылатын азаматтар әрқашан болады.

Әрбір қазақстандық заңды басшылыққа ала отырып өмір сүре алады және жұмыс істеуі керек. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін өз құқығыңды нық білу, оны қорғай білу, жеке, қоғамдық және кәсіби өмірде сыбайлас жемқорлық әдістерді қолдануды жоққа шығаратын берік моральдық ұстаным қажет.

Егер адам материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу мақсатында өзінің немесе басқа біреудің лауазымдық жағдайын заңсыз пайдалануға қатысса, ол сыбайлас жемқорлық жүйенің бір бөлігіне айналады. Өкінішке орай, халықтың көп бөлігіне күнделікті мәселелерді шешу үшін шағын пара беру олардың дүниетанымына немесе моральдық шектеулеріне қайшы келмейді. Сондықтан бұрын-соңды ұсақ пара бермеген адамдарды табу қиын. Пара ұсынатын немесе берген адам ештеңені бұзбайды, керісінше, пара берілгендер бәріне кінәлі деген пікір қалыптасқан.

Бірнәрсемен күресу үшін алдымен оның шығу себебін анықтау керек. Сыбайлас жемқорлық кешенді себептердің нәтижесінде туындайды. Осы ықтимал себептердің бірі - еңбекақының төмендігі. Басқаша айтқанда, кейде қызметкерлердің жалақысы тіпті негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткіліксіз болып, олар қосымша табыс табу әдістерін іздеуге мәжбүр болады. Екінші себеп - жазаның бұлтартпастығының болмауы. Жеке адам өзінің қылмыстық әрекеттерінің барлық шығындары мен игіліктерін саралап, егер мұндай әрекеттердің күтілетін пайдалылығы адал болып, уақыты мен ресурстарын басқаша жұмсаған жағдайдан жоғары болса, қылмысқа баруды ұтымды шешеді. Еңбекке ақы төлеудің төмендігі және жазаның бұлтартпастығының болмауы сыбайлас жемқорлықты тудырмайды. Осыдан атқарушы биліктің заңнамалық және сот алдында жауапсыздығы туындайды.

«Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 2 мыңнан астам жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркеледі. Мыңнан аса адам жауапқа тартылады. Бұл – батпандап кіріп, мысқылдап шығатын кесел. Осы ауруды қазір шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін» – деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ескерту жасаған. Осылайша Президент жемқорлықтың тамырына балта шауып, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін жемқорлық сияқты дертпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып күресуге үнемі шақыруда.

Сыбайлас жемқорлық – саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Өйткені лауазымдық тұлғаның игіліктерді бөлуге құқығы бар жерде, мүдделі тұлғалар тарапынан үнемі әлеуметтік ұқсастық жасау мүмкіндігі болып тұрады. Яғни, игілік деп біз тек қана материалдық ресурстарды меңзеп тұрмаған болармыз, сонымен қатар оған лауазым иесінің түрлі әрекеттерге тыйым салу немесе рұқсат ету тағы басқа құқығы да жатады. Жемқорлықтың жоғары деңгейге көтерілуі бұл мәселеге шындап көңіл бөлуді талап етеді. Заманауи жемқорлықпен күресу шаралары тек қана репрессивтік сипатта болмауы қажет, заңнамалардың да жетілдіруіне баса назар аударған жөн. Осы қоғамдық зауалға қарсы қоғамның бірігуі жемқорлықпен күрестің жеңісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Толығырақ қарастыратын болсақ, сыбайлас жемқорлықты терең зерттеуге толық қол жете қойған жоқ. Іс жүзінде, анық дүниенің өзіне өмір күнделікті өзгерістер енгізіп отыр. Болашақта көлеңкелі әрекеттер сыбайлас жемқорлықтың жаңа түрлерін туындатуы әбден мүмкін. Қоғам мен мемлекеттің алдындағы басты міндеті - осы қылмыстың деңгейін неғұрлым азайту болып табылады.

               

М.АКИШЕВ, Шымкент қаласы әкімі
аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.