– Бүгінгі таңға дейін мердігер мекемелер өз міндеттерін тиісті кестемен орындап келеді. Жалпы көлемі 14 мың шаршы метр көлемдегі жол жабыны қалпына келтірілді. Осы жұмыстар аяқталған соң, екінші кезекте, елді мекендердегі ішкі орам көшелерін ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Ол жұмыстар маусым айынан басталады, – дейді басқарма басшысы Ержан Жолдасов.
Жөнделіп жатқан магистральді көшелердің жалпы саны – 41. Оның ішінде ең көбі қаланың орталық ауданы саналатын Әл-Фараби ауданында орналасқан – 19 көше. Бұған қоса Абай ауданы бойынша – 9 көше, Еңбекші ауданында – 8, ал Қаратау ауданында 5 көше жөнделді.
Жауапты мамандардың айтуынша, қаладағы жолдарды күтіп-ұстау мақсатында ағымдағы жөндеумен қатар күрделі жөндеу жұмыстары да жалғасады.
Айта кетейік, биыл басқарма тарапынан шаһарда 63 аялдама орнатылған. Олардың қатарына Абай ауданындағы – 14, Қаратау ауданындағы – 18, Еңбекші ауданындағы – 26, Әл-Фараби ауданындағы 5 аялдама кіреді.