Сонымен бірге әкім 16 елді мекенде электр энергиясының сапасы төмен екенін айтып, осыны жою мақсатында биыл осы салада 14 нысанның құрылысы басталғанын мәлім етті. Халықты сапалы электрмен қамту мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі.
Ал, 33 елді мекен табиғи газбен жартылай қамтылса, 8 елді мекенге газ тартылмаған. Газ тарату станцияларының қуаттылығы жеткіліксіз. Биыл газбен қамту бойынша 18 нысанның құрылысы жүргізілуде. Газдандыру мәселесі 2023 жылы толығымен шешіледі деп жоспарлануда.