Азық-түлік – 20 пайыз төмен бағада Избранное

Среда, 07 Апрель 2021 03:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2309 раз

Үшінші мегаполисте әлеуметтік дүкен ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» пилоттық жобасы аясында ашылған дүкенде бірінші кезекте тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қолжетімді бағада сатылады.

585

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан ашылған әлеуметтік дүкеннің жұмысымен танысты. Елшібек батыр көшесінің бойында орналасқан дүкен 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Аталған жобаға бөлінген инвестиция құны – 50 млн теңге. Бұл дүкенде тек қана Шымкентте өндірілген азық-түлік тауарлары, жылыжай өнімдері жинақталған. Яғни, азық-түлік тауарын өндірушілер мен дүкен иесі арасында ешқандай делдал жоқ. Сонымен қатар, мұнда өнімдер қаладағы орташа нарықтан 20 пайыз төмен бағада сатылады.
Қала әкімі жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін осындай дүкендер бойынша үйлестіруді ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысына тапсырды. Тауарлардың түрлерін көбейтуді де міндеттеді.
М. Әйтенов экономикадағы бағаны тұрақтандырудың бірден бір жолы ретінде осындай дүкендерді көбейту бағытында жұмыс жанданатынын атап өтті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.