Велоспортшы жеңімпаз атанды Избранное

Среда, 17 Февраль 2021 03:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 900 раз

Шымкентте жасөспірімдер арасында 2-4 ақпан аралығында велоспорттан (маутинбайк) Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті. Жарысқа республикамыздың 11 аймағынан 60-тан астам спортшы қатысты.

93

 

Чемпионатқа қатысқан жас спортшылар арасында Шымкент каласының №2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті, шымқалалық спортшы Зарина Бикмаеваның бағы жанды. Ол чемпионаттың жеңімпазы және жүлдегері атанды. Велошабандоз екі жаттығуда да алтын және күміс медаль жеңіп алды.
Мұнан бөлек, Шымкент каласының №2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бірқатар жетістіктерге жетіп отыр. Атап айтсақ, жеңіл атликадан Өскемен қаласында өткен ҚР Кубогінде Владислав Кондратьев (60 мс/б) ІІ-орын, Тимур Худайбергенов (400 м) ІІІ-орынды иеленді. Сондай-ақ осы қалада жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатында Руслан Ишметов (7 борье) ІІ-орын, Ольга Чернова (60 м/сб) ІІІ-орын, Зафар Абувалиев ІІІ орынды иеленді.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.