БІЛГЕНІ БІР ТОҒЫЗ, БІЛМЕГЕНІ ТОҚСАН ТОҒЫЗ Избранное

Среда, 24 Апрель 2024 04:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 321 раз

Шымкентте туризм және мейрамхана ісін дамытуға қатысты семинар-тренинг өтті. Бұл жолы спикер ретінде Украинадан мейрамхана консалтингі бойынша халықаралық сарапшы Денис Мельниченко мен ҚР Өзін-өзі реттейтін қоғамдық тамақтандыру ұйымының төрағасы, тамақтану қызметі бойынша сарапшы Вероника Нурпеисова келді. Семинарды «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырды.

Bilmegen

 

Айта кетейік, «Visit Shymkent» ТАО кәсіпкерлердің біліктілігін арттыратын мұндай бизнес-тренинг, семинарларды 2021 жылдан бері ұйымдастырып келеді. Орталық өкілдері әртүрлі бағытта тәжірбиесі мол кәсіпкерлерді алыс және жақын шетелдерден арнайы шақырады. Шымкент қаласыныңдағы кәсіпке ынтасы бар азаматтардың бұл семинарларға тегін қатысуға мүмкіндіктері бар.
– Биыл Шымкент жайлы алғашқы көзқарасты қалыптастыратын гид-экскурсоводтарды ерекше форматта оқытуды жоспарлап отырмыз. Әдетте тарихи-мәдени бағыт бойынша білімдері мен тәжірибелерін арттырса, осы жолы таудағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жол көрсететін гид-инструкторларға да өз білімін арттыруға мүмкіндік беріліп отыр, – деді «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Омаров.
Осы сала бойынша спикер ретінде Туризмді дамыту жөніндегі халықаралық сарапшы Михаил Шамшидов пен Қазақстан тау-гидтері ұлттық қауымдастығының президенті Лавренова Олеся қатысып, гид-экскурсоводтардың қажеттілігі мен қауіпсіздік үшін маңыздылығын айтып өтті.
Тренингке қатысушылар 3 күн білім алды. Бұл сала мамандары үшін дамудағы алғашқы баспалдақ болуы мүмкін. Семинардан соң қатысушыларға сертификат табысталды. Бұған дейін туристік индустрияның 250-ден астам өкілі біліктілігін арттыру туралы сертификат алған.

Гүлжауһар ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.