Жиынға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ мамандары, облыстық, қалалық білім басқармаларының оқу-әдістемелік орталықтары мен кабинеттерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйым басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілері мен педагогтері қатысты.
— Балалардың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін — балабақша мен тәрбиешілер. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Сондықтан әдіс-тәсіл, тәжірибе алмасу, тәрбие беру саласында семинардың берері көп, — деді Шымкент қаласы «Мектепке дейінгі дамыту орталығының» директоры Салтанат Өтемісова.
Семинар барысында қонақтар қаламыздағы бірнеше бөбекжай-бақша базаларында болып, тәжірибе алмасты.
С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ