КӨЛІК ҚҰЖАТТАРЫН ҮЙГЕ АЛДЫРУҒА БОЛАДЫ Избранное

Среда, 17 Февраль 2021 04:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2338 раз

Шымкент тұрғындары енді қайта тіркелген көлік нөмірі мен техқұжатын үйге алдыруға болады. Ол үшін мамандандырылған ХҚО-ға жүгінуге міндетті емес. «Азаматтарға арналған үкіметтің» курьерлері көліктің құжаттарын өтініште көрсетілген мекенжайға жеткізіп береді.

98

 

Биылғы қаңтар айында Шымкентте 30-ға жуық мемлекеттік нөмір мен тіркеу куәлігі тұрғындардың үйлеріне жеткізілді. Қызмет іске қосылған 2020 жылы бұл қызметті 90 тұрғын қолданған.
«Өтінімді рәсімдеу үшін «Электронды үкімет» порталындағы «Көлік және коммуникациялар» қызметінің «Автомобиль көлігі» бөлімінде «МТНБ және КҚТК-ны үйге жеткізу» қызметін белгілейсіз, содан кейін авторизациядан өтіп, тапсырыс беру қажет. Жаңа және алынатын МТНБ, КҚТК, мамандандырылған ХҚО атауы мен мекенжайын көрсете отырып, өтінімде көрсетілген барлық қажет ақпаратты толтыру шарт. Қызметке баж салығын төлеп, ЭЦҚ арқылы немесе бір реттік смс-пароль арқылы тіркелу керек», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ Шымкент қалалық филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Үйге жеткізу қызметінің бағасы – 2240 теңге. Оны тек жеке тұлғалар пайдалана алады, қызмет көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні.
Еске сала кетейік, нөмір белгісін таңдап, автокөлікті есепке қойып, мемлекеттік нөмір мен куәлікті үйге жеткізуді eGov.kz арқылы онлайн ресімдеуге болады.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.