Шымкенттегі «Шығыс» шағынауданында сегіз қабатты үй салынуда. Осылайша «Shymkent» ӘКК инвесторлармен бірге «7-20-25» бағдарламасы бойынша үй салуды жалғастыруда.
Сегіз қабатты «Күншығыс» монолитті кешені 56 пәтерден тұрады: бір бөлмелі - 24, екі бөлмелі – 16 және үш бөлмелі 16 пәтер. Құрылыс 2019 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс.
Мердігер – «А-Спецстрой» құрылыс компаниясы. Баспананың бір шаршы метрінің бағасы 210-220 мың теңге болады.
Айта кетсек, жуырда ӘКК-да Бірыңғай сату орталығы ашылады.