ЖАҢА 2 БАҒЫТ АШЫЛДЫ Избранное

Пятница, 02 Февраль 2024 08:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 781 раз

1 ақпаннан бастап тұрақты маршруттар қатары №3 пен №4 бағыттармен толықты. Жолаушыларды №3 бағыттағы автобустар жолаушыларды Тұран, Шымсити шағынаудандары мен Рысқұлов көшесі аралығына айналма маршрут тәсілімен тасымалдайды. Бағытта күніне кесте бойынша 16 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. Олардың аралық жиілігі орташа есеппен 15 минутты құрайды.

aftobus-1

 

Ал, №4 бағыттағы қоғамдық көліктер Оңтүстік шағынауданынан «Жабық» базарға дейінгі аралықта қызмет көрсетеді. Бұл бағытта 5 автобус 15 минуттық аралық жиілікпен қатынайды.
Ескеретін жәйт, бұл бағыттар 2 ай мерзімге пилоттық режимде іске қосылып отыр. Бүгінде қала аумағында күнделікті 77 тұрақты маршрут бойынша 915 автобус тасымалдау қызметін көрсетуде.

aftobus

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.