SHYMKENT FEST – жаздың жарқын жобасы Избранное

Среда, 12 Июль 2023 04:01 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 597 раз

Абай саябағында жаздың жастарға арналған ең ауқымды жобасы Shymkent fest фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

552

 

Екі айға жалғасатын жоба 16 бағыттан тұрады. Жастар аптаның әр жұма, сенбі күндері «Хиты всех времен», «Tik-tok vs нағыз бишілер» би батл, Street workout-тан жастар арасында қалалық жарыс және мастер-класс, Shym youth life скейт және граффити шоу, NOSTALGIA GAME балалық шағымның ойындары фестивалі, Modern заманауи жастардың мүмкіндіктері тақырыбында арнайы сурет салу байқауы, үстел теннисінен сайыс, Brain blitz интеллектуалды сайысы, Sky movie кино көрсетілім, Ethno-vibe ұлттық қолөнер көрмесі және ұлттық аспаптар кеші, «Тарам-тарам тармақтармен» атты поэзия кешінде көңіл көтеріп, байқауға қатыса алады.
Shymkent fest жобасының ашылу салтанатына Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы қатысып, қала жастарын спортпен шұғылдануға шақырды.
— Жастардың спортпен айналысуын тұрақты түрде дағдыға айналдыру мақсатында Shymkent fest фестивалі ұйымдастырылды. Мақсаты – жаз мезгілінде қала жастарының бос уақытын тиімді пайдаланып, көше спорт түрлерін кеңінен дәріптеу және салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Сондықтан бұл тұрғыдағы атқарылар жұмыстарды жандандыру аса маңызды, – дейді.
Айта кетейік, фестивальдің жабылуы 25 тамызда салтанатты түрде «Арбат» демалыс аймағында өтеді. Кеште балмұздақ фест, ұлттық қолөнер көрмесі мен аукцион ұйымдастырылып, арнайы гала концертпен қорытындыланады.