Шымкентте жол сапасы жақсарған

Пятница, 16 Июнь 2023 05:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 608 раз

zhol-sapasy

Шымкентте жыл сайын жол салушылардың жауапкершілігі күшейіп келеді. Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының директоры Мұхтар Дүйсембеков мәлімдеді.

Шамамен, осыдан 4 жыл бұрын Шымкент қаласында жылына мыңнан астам ақау анықталса, кейінгі 2 жылда бұл сан 4 есеге кеміген.

– Тексерілген жолдардан 2019 жылы – 750, 2020 жылы 1186 ақау тіркелген. Ал, 2021 жылы – 374, былтыр 277 ақау анықталған. Жол сапасына кәсіби диагностика жасайтын мекеме жұмысының нәтижесі сол, Шымкент қаласында 4 жылда 355,5 млн теңгенің жұмысы қайта істеліп, 19 техникалық қадағалаушы жауапқа тартылған. Жол салушы мердігерлердің жауапкершілігі күшейгенін осыдан байқауға болады, - дейді Мұхтар Дүйсембеков.

Ұлттық сапа орталығының мамандары 4 жыл ішінде 1159 рет тексеру жұмыстарын жүргізген. Жаңадан салынған, күрделі және орта жөндеуден өткен 714 нысан құрылысы қадағаланып, 4480 сынама алынған. Нәтижесінде 2587 ақау мен жұмыс кемшілігін анықтаған.

Айта кетейік, «Жол активтерінің ұлттық сапа ортылығы» халықпен әрдайым тығыз байланыста. Яғни, жол сапасы бойынша еліміздің кез келген аумағынан 8 7172 736 736 телефонына тәулік бойы қоңырау шалып, өз арыз-шағымдарыңызды қалдыра аласыз.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.