«Аула чемпионаты» басталып кетті Избранное

Среда, 07 Июнь 2023 04:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 636 раз

Қала аудандарында оқушылар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Аула чемпионаты» ойындары басталды. Шымкентте жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына барлық мүмкіндік жасалған. Оған қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары спорт алаңшаларымен қамтылғаны дәлел.

307

 

Шаһардағы бес аудан бойынша 373 спорт алаңшасы ел игілігіне берілген. Маусым айында солардың ішіндегі 65 спорт алаңшасында «Аула чемпионаты» ойындары өтеді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен бұқаралық спортты дамытуды мақсат еткен сайыста балалар спорттың 7 түрінен – асық ату, ләңгі тебу, баскетбол добын торға түсіру, скакалкамен секіру, футбол қақпасын көздеу, гимнастикалық шеңбер айналдыру, турникке тартылудан сынға түсіп жатыр. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы, аудан әкімдігі бірлесе ұйымдастыратын бұқаралық іс-шараға биыл 9 мыңға жуық баланы қамту жоспарланып отыр.