ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Избранное

Среда, 12 Октябрь 2022 05:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 709 раз

Шымкентте жылу беру маусымына дайындық барысы бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен жиын өтті. Жиында Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков қыс маусымына дайындық жұмыстары барысын баяндады.

418

 

Жалпы саны 18 жылу қазандығы жылыту маусымына түгел дайын және қаламызда көмір қоры жеткілікті. Басқарма басшысы инфрақұрылымдық жүйелер дайындығын, оның ішінде Игілік, Жиделі, Сайрам тұрғын алаптарында сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары, сонымен қатар «КазТрансГаз Аймақ» АҚ тарапынан газ қысымымен өлшеу жұмыстары және де «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС-не қарасты су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары толық орындалғанын жеткізді.
Сала мамандары тарапынан көпқабатты тұрғын үйлердің дайындық жұмыстарын тексеру барысында атап айтқанда, Еңбекші ауданына қарасты «Теріскей» шағынауданындағы екі тұрғын үйде;
Әл-Фараби ауданына қарасты Ғ.Иляев көшесінде бір және Түркістан көшесінде де бір тұрғын үйде дайындық жұмыстары мүлдем жүргізілмегені анықталғанын атап өтті.
Жиын соңында қала әкімі, сала басшылары мен мамандарына жедел түрде аталған аудандардағы кемшіліктер бойынша және жекеменшік электр қуатын тарататын кәсіпкерлердің қысқа дайындығын анықтау бойынша комиссиялық топ құруды, тапсырмалардың орындалу барысын жүйелі түрде баяндап отыруды басқарма басшысына тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.