ЖОБАҢДЫ ҰСЫНЫП, ГРАНТ ҰТЫП АЛ Избранное

Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 731 раз

400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грант берудің үшінші легі бойынша комиссия өз жұмысын бастады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыратын үміткерлер 12 қыркүйектен бастап арнайы комиссия құрамының алдында өз жобаларын қорғап жатыр. Жобаны қорғау 23 қыркүйекке дейін жалғасады.

157

 

Алғашқы күні комиссия отырысына келгендер – 134 азамат. Олар кәсіпкерліктің түрлі бағыттары бойынша бизнес-жобаларын таныстырды. Комиссия мүшелері жобаны бағалауда бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігіне, үміткердің кәсіпкерлік дағдыларын меңгеру деңгейіне, бизнес-жобаның қаржылық мүмкіншілігіне, жаңа жұмыс орындарын құру сынды критерийлерге басымдық беруде.
Ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант мөлшері – 400 АЕК. Бұл дегеніміз – 1 225 200 теңге. Қайтарымсыз грантқа бөлінген қаржы – шикізат пен материалдарды, техникаларды сатып алуға байланысты шығындарға пайдалынылады. Ал, жалпы жыл соңына дейін 1150 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарланған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.