ЗАҢ – БАРШАҒА ОРТАҚ Избранное

Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 370 раз

Шымкент қаласы Төлеметов көшесінде орналасқан заңсыз жұмыс істеп келген ағаш базарының кәсіпкерлеріне кезекті рет түсіндірме жұмысын жүргізілді. Абай ауданы әкімі Бұхарбай Пармановтың сөзінше, мұндағы 86 соттық жер телімі қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан сауда орталығын салуға рұқсат беріліп, эскиздік жобасы келісілген. Алайда қазір осы нысанда кей тұрғындар заңсыз ағаш саудасымен айналысып, жергілікті тұрғындарға кедергі келтіруде.

156

 

—Кәсіпкерлерге ағаш базарының талапқа сай келмейтіні туралы түсіндірдік. Нәтижесінде 1 га аумақта сауда жасаған 20-ға жуық кәсіпкер арнайы рұқсат етілген жерге көшті. Жанындағы 86 соттық жер телімі кәсіпкердің жеке меншігі болғанымен тиісті басқармадан ағаш саудасы үшін емес, сауда орталығы құрылысын жүргізуге ғана рұқсат берілген. Қазір осындағы ағаш базары заңсыз жұмыс істеп тұр. Жер телімі бір ғана кәсіпкерге рәсімделген. Ал, қалған азаматтардың сауда жасауына рұқсат жоқ,-дейді Абай ауданының әкімі.
Түсіндірме жұмысын жүргізуге полиция мен қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының өкілдері де келген.
—Жер иесі 2021 жылдың тамыз айында құрылыс үшін жобалау құжаты әзірлеген. Осы құжаты бойынша сараптама алынып, басқармадан құрылыс жұмысын бастауға рұқсат алған. Жер телімінің мақсаты – ғимарат пен сауда орталығын салу. Құрылыс бойынша заң талаптары сақталып, жерге тиісті құжаты бойынша жобасы бар. Әйтсе де, құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмеген нысанда сауда жасауға тыйым салынады, -дейді қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бас маманы Досхан Садықов.
Тыйым салынған сауда орнында қазір кәсіпкерлер ағаш сатуды жалғастыруда. Түсіндіру жұмыстарынан нәтиже шықпаса, тиісті басқарма тарапынан әкімшілік айыппұл салынатыны туралы ескертілді.