«ЖҮЗ ЖЫЛДЫҒЫН ОЙЛАҒАН ХАЛЫҚ АҒАШ ЕГЕДІ...»
Среда, 10 Апрель 2024 05:50Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Яғни, елді мекендердің көшелерін тазарту, ағаш отырғызу және аумақтарды абаттандыру науқанын бастауды тапсырды.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: НАУҚАН 5 АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ
Среда, 10 Апрель 2024 05:49Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын ұйымдастыру бойынша арнайы жиын өткізді. Онда қала аумағында тазалық шараларын тиімді ұйымдастырудың тетіктері қарастырылып, өзекті мәселелер пысықталды.
КӨШЕЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ
Среда, 10 Апрель 2024 05:48Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде қазылған орындарды ретке келтіру мәселесі талқыланды. Жиында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Меңдіқұлов қала аумағындағы қазылған жерлер туралы баяндады.
ТУРИСТ САНЫН 450 МЫҢНАН АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА
Среда, 10 Апрель 2024 05:45Шымкент қаласының туристік әлеуеті өте жоғары. Біріншіден, қала — Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын ірі торап. Сондықтан үшінші мегаполисте өзіндік артықшылықтарды пайдалана отырып, бүкіл оңтүстік өңірі үшін туристік тірек орталығына айналуына барлық мүмкіндіктер бар.
«ОТБАСЫ – ШАҒЫН МЕМЛЕКЕТ»
Среда, 10 Апрель 2024 05:42«Отбасы – шағын мемлекет» деген қағида бар. Иә, тәрбиенің тамыры отбасынан басталады. Қазақта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қанатты сөз жайдан-жай айтылмаған. Сондықтан дәстүрлі отбасы құндылықтарын орнықты қалыптастырып, ұлттық тәрбие негіздерін дұрыс сақтай білу қоғам үшін де маңызды.
ҚОЛҒА ЖҰМЫС БЕРГЕНІҢ, ЖАНҒА ТЫНЫС БЕРГЕНІҢ
Среда, 10 Апрель 2024 05:39Шымкентте жұмыссыздықты төмендету мақсатында азаматтарды еңбекпен қамту шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласында 2024 жылы 56,9 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Жылдың 1-тоқсанындағы қорытындысымен 12,2 мың адам қатысып, жоспар 22%-ға орындалды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Халықты жұмыспен қамту шараларына тарту және өтеусіз гранттар беру тәртібі туралы» өткен баспасөз конференциясында баяндалды.
«КӨРЕРМЕН ҚОЙЫЛЫМҒА ЕМЕС, АКТЕРГЕ КЕЛУІ КЕРЕК»
Среда, 10 Апрель 2024 05:36Өнерді сүйген адам ғана актерлікті мамандық ретінде таңдап, жүрегімен байлай алады. Себебі театр сахнасы – киелі. Сахнаның ішкі әлемі актерді өз киесімен тартып, өнер иесін өзіне баурап алады. Актерлік шеберлікке қызығушылығы мол жастар саны да жылдан-жылға артып келеді. Бұл – жақсы үрдіс. Біз театр мен біршама фильмдерде сомдаған образдары арқылы руханият қоржынын байытқан өнер иесі Бақытжан Дәулетжановпен әңгімелескен едік.
ЖАСЫҚ ЖҮРЕКТЕРГЕ РУХ БЕРЕТІН «ҚАРТҚОЖА»
Среда, 10 Апрель 2024 05:35Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында «Қартқожа» деректі драмасының премьерасы өтті. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының репертуары қазақтың ұлы тұлғаларының, қоғам қайраткерлерінің шығармаларымен толықтырылып келеді.