2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталуы туралы

Четверг, 01 Октябрь 2020 05:12 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1564 раз

2020 жылғы 26 тамыз

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2020 жылғы 3 қазанда 2006 жылғы үлгідегі номиналдары 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.

 

2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ БАНКНОТТАР

money

 

Қолма-қол ақша айналымынан алынған банкноттарды Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық Банктің филиалдарында жүргізіледі.

«2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру және алу 2016 жылдың қарашасында басталды. Ағымдағы жылдың 3 қазанында аталған банкноттардың айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін Ұлттық Банктің филиалдары оларды қабылдауды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады. Осы күнге дейін банкноттарды еліміздің 17 қаласында орналасқан ҚР ҰБ барлық аумақтық филиалдарында айырбастауға болады», - деп атап өтті Ұлттық Банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

Ұлттық Банк филиалдарының мекенжайлары және байланыс телефондары туралы ақпаратты Ұлттық Банктің сайтында табуға болады.

 

 

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:

+7 (717) 2 775 205

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

www.nationalbank.kz

Последнее изменение Четверг, 01 Октябрь 2020 05:17
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.