«ЕЛ ТІРЕГІ – АТА ЗАҢ»

Пятница, 01 Сентябрь 2023 08:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 274 раз

ata-zan

Әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығында Конституция күніне орай «Ел тірегі – Ата заң» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік кеш Көк Туымызға құрмет көрсетілумен басталды. Сарбаздар рухты асқақтатып патриоттық әндер шырқады. Басқосуда Ұлы дала заңдары мен «Жеті жарғыны» байланыстыра отырып Ата Заңымыз туралы бейнеролик көрсетілді.

Орталық директоры Бахтияр Спанов қонақтарды мерекемен құттықтап, бұл күннің маңыдылығына тоқталды. Іс-шара барасында арнайы шақырылған қонақтар – М.Әуезов атындағы ОҚУ проректоры, доцент Сәкен Мәжінбеков, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, ҚР Журналистер одағының мүшелері Бейсенкүл Нарымбетова, Әсет Әссанди, Зәуре Оралбаевалар Ата Заң туралы өз ой-толғамдарын жеткізді. Жиынға зиялы қауым өкілдері, халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы Бөрібай Оразымбет, ақын Зікірия Ходжаев, және БАҚ өкілдері қатысты.

«Көркем» әжелер тобы ән айтып, сарбаздарға Конституция туралы сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сый-сияпаттар табысталды.

Іс-шара соңында Бахтияр Әбілұлы белсене қатысқандарға ұжым атынан ризашылығын білдіріп, арнайы Алғыс хатпен марапаттап, қонақтар мерекелік көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.

С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « «Елдіктің суреткері» Жастарға жаңа жатақхана »