Қабылдау тамызға дейін жалғасады

Пятница, 23 Июнь 2023 04:05 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 695 раз

kabyldau

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, жыл сайын 1-сыныпқа баратын оқушыларды қабылдау сәуір айынан басталып, тамызға дейін жалғасады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндер саны жылдан-жылға артып келеді. Мәселен қалада 2021-2022 оқу жылында 1-сыныпқа қабылданған оқушылар – 25 005 болса, 2022-2023 жылы – 26781, ал биылғы оқу жылында – 26 969 оқушы қабылданған.

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында қабылдау шарасы электрондық үкімет порталы арқылы да онлайн жүзеге асырылады. Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да беруге болады.

Ата-аналар мектепке балаларды балаларды өздерінің тұрғылықты жерлері бойынша ғана емес, бос орындар болса, кез келген басқа да мемлекеттік білім ұйымдарына тіркелуге мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 1-сыныпқа 14 991 бала қабылданған. Оның ішінде қазақ сыныптарына 11 300 ата-ана өтініш білдірген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.