ОТАН ҚОРҒАУ – нағыз ердің міндеті Избранное

Среда, 24 Май 2023 05:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1352 раз

Жергілікті әскери басқару органдарында ер-азаматтарды әскерге шақыру жұмыстары жалғасып жатыр. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскерге шақыру кезеңінде шақырылушылар мен олардың ата-аналарымен Отан қорғау, Конституциялық борыш, әскер қатарына жөнелту дайындығы, әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне берілетін жеңілдіктер жөнінде сұхбат жүргізіліп, түсіндірме жұмыстарын қоса жүргізуде.

71

 

Шымкент қаласы Еңбекші және Қаратау аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының мәліметінше, былтыр екі ауданнан 345 азамат Отан қорғауға аттанған. 2023 жылы әскери шақырылымға 310 азаматты жөнелту жоспарланса, оның 307-і (Еңбекші -213, Қаратау - 94) әскери борыштарын өтеуге аттанды. Ал Тұран ауданында 7 азамат әскерде борышын өтеуде.
Айта кетейік, сарбаздар бірінші кезекте ҚР Қарулы күштер, ҚР Ұлтық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне, ҚР Ұлттық Ұлан қызметіне, ҚР Мемлекеттік Күзет қызметіне, ҚР ТЖМ әскери бөлімдеріне жіберіледі.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.