ЖАҢА ЖОБА – ЖАҢА СЕРПІН Избранное

Среда, 07 Июнь 2023 04:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 787 раз

Шымкентте мұнай өңдеу өнімдерін өндіру бойынша 14 кәсіпорын жұмыс істейді. Солардың қатарында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» және «HILL Corporation» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар.

306

 

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС республикадағы мұнай өңдейтін үш зауыттың бірі. Ірі кәсіпорында автомобиль бензиндері, дизель отыны, авиациялық керосин, сұйытылған газ, қыздырғыш мазут, вакуумдық газойл өндіріледі. Зауыттың өндірістік қуаты жаңғыртудан өткеннен кейін өнім көлемі ұлғайып, қазір жылына 6 млн. тонна мұнай өңдейді. Мұнда қазір 1800-ден астам адам жұмыспен қамтылған.
Ал «HILL Corporation» ЖШС майлау материалдарын өндірумен айналысады. Кәсіпорын моторлы, трансмиссиялық, компрессорлық, газ, турбиналық жағармай материалдарын және өзге де пластикалық майларды шығарады. Зауыт жылына 100 мың тонна майлау материалдарын, 28 мың тонна пайдаланылған майларды регенерациялауға және 1500 мың тонна майлау материалдарын шығаруға қауқарлы. Кәсіпорында 200-ден астам адам жұмыс істейді.
Сонымен қатар, алдағы 2023-2026 жылдары қала аумағында мұнай қалдықтарын шикізат ретінде қайта өңдейтін 3 жобаны іске асыру жоспарланған. Олар:
– «Hill Resources» ЖШС – негізгі майларды өндіру (құны 270 млрд.тг, қуаттылығы - жылына 500 мың тонна мазутты қайта өңдеу).
– «Алмэкс Полимер» ЖШС – ұнтақты полипропилен өндіру (құны - 38 млрд.тг, қуаттылығы жылына 80 мың тонна ұнтақты полипропилен). Аталған жоба 2023-2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін дамыту тұжырымдамасына қосылды.
– «Эколайф Астана» ЖШС құрамында мұнай бар және басқа да қалдықтарды кәдеге жарату зауытын салу (құны 500 млн.тг.). Жобаны жүзеге асыру мақсатында «Жұлдыз» индустриялық аймағынан жер телімін алу бойынша инвестор тарапынан тиісті құжаттар ұсынылып, өңірлік үйлестірушілер кеңесінің оң қорытындысын алды.
Қазіргі таңда, аталған жобаларды шикізатпен қамтамасыз ету бойынша «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілуде.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.