Жалпы экспорттың ішінде шикізаттық емес экспорт көлемі есепті кезеңде 106,5 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 154,8 пайызды құрады. Бұл салада экспортталып жатқан өнімдер, атап айтқанда – 49,9 млн. АҚШ доллары скөлемінде мұнай өңдеу өнімдері, 15,3 млн. АҚШ доллары сомасына тамақ өнімдері, 4,9 млн. АҚШ доллары сомасына фармацевтикалық өнімдері, 4,4 млн. АҚШ доллары сомасына машина мен жабдықтардан басқа дайын бұйымдар өндіру, 2,1 млн. АҚШ доллары сомасына өнеркәсіп үшін химикаттарды өндіру, 1,3 млн. АҚШ доллары сомасына өзге металл емес минералдық өнімдер өндірілген. Сондай-ақ, 9 млн. АҚШ доллары сомасына резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, 6 млн. АҚШ доллары сомасына қағаз және қағаздан жасалған өнімдер шығарылған. Экспорттың басым бөлігі Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Ресей, Қырғызстан, Түркия, Қытайға жөнелтілген.
Ал өңдеу өнеркәсібінде қаладағы (тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсібінде, машина жасау, металлургия, фармацевтика және құрылыс өнімдерін өндіру т.б салаларында) 54 кәсіпорын тұрақты экспортқа өнім шығарады.
Экспортқа бағдарланған жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету, өнімдерін экспортқа шығаруда басқарма тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда: «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-мен бірлесіп, экспорт жөніндегі өңірлік кеңесі өткізді. Кеңесте экспортты дамытуға және ілгерілетуге тосқауыл жасайтын кедергілер мен шектеулер жөніндегі мәселелер көтеріліп, оның шешу жолдары қаралды. Экспорттаушы кәсіпорындар үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, отырыста кәсіпкерлердің де проблемалық мәселелері талқыланды.
Бұдан бөлек, экспорт және халықаралық сауда бойынша оқыту курстарының сессиясы ұйымдастырылды. Басқосуда Еуропалық Одақтың қолдауымен «тауарды Еуропаға және басқа елдерге қалай экспорттауға болады», «экспорттық серіктестер мен сарапшыларды қалай іздеу керек», «бизнесті экспорттық қызметке дайындау тәртібі», «қажетті сертификаттар мен қажетті құжаттарды қайдан алады» деген сауалдарға жауап іздеді. Халықаралық сауда орталығы «QazTrade» АҚ бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға қаладан 30 кәсіпорын қатысты.
Атап өтсек, жуырда ғана Шымкентте кәсіпкерлерді қолдауда тағы бір бағдарлама іске қосылды. eBay «Central Asia Hub»Еуропалық Одақ қаржыландыратын ITC Ready4Trade Central Asia және кәсіпкерлік пен бизнес-ортаны дамыту жөніндегі USAID жобаларының күшімен құрылған.
Мұнда іріктелген кандидаттар eBay-да дүкен құру бойынша оқыту және жеке консультациялық қолдау және өз өнімдерін іске қосу, жылжыту бюджетін алады.