Жұмыс берушілер қызметкерлері үшін - жалақының 3%-ы мөлшерінде, бірақ 10 ЕТЖ-дан (ең төменгі жалақыдан) немесе 21 мың теңге артық емес.
Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер - табысының 2%-ы, бірақ 10 ЕТЖ-дан немесе 14 мың теңгеден артық емес.
Жеке кәсіпкерлер ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 900 теңге. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін БЖТ көлемі 1 АЕК құрайды, яғни 3 450 теңгені құрады. Қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ көлемі 0,5 АЕК құрайды, яғни 1 725 теңге.
Дербес төлеушілер 1 ЕТЖ-ның 5%-ы немесе 3 500 теңге. 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін мемлекет төлейді.
N6 қалалық емхананың бас дәрігері Қылышбаева Айгүл Орынбасаровна