АНТЫНА АДАЛ АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН

Вторник, 07 Март 2023 03:46 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 763 раз

Замира Жұбандыққызы Баитықова – Шымкент медицинасында 40 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан білікті дәрігер. Бүгінгі таңда ақ халатты абзал жан Шымкент қалалық №6 емханада абыройлы еңбек етіп келеді.

1025

 

Замира Жұбандыққызы 1960 жылы 22 шілдеде Бәйдібек ауданы, Шалдар ауылында дүниеге келген.1977 жылы Абай атындағы орта мектепті бітіріп, Қарағанды медициналық мемлекеттік институтының педиатр факультетіне оқуға түсіп, оны 1983 жылы бітіріп шығады. Институтты аяқтаған соң 1983-84 жылдары облыстық балалар ауруханасында интернатурадан өтеді. Еңбек жолын 1984-1986 жылдары Бәйдібек ауданы Леонтьевка селосында учаскелік педиатр болып бастаған.

1986 жылдан бері дәрігер №6 емхананың Тельман бөлімшесінде учаскелік педиатрдан бастап бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Антына адал, әрбір ісіне жауапкершілікпен қарайтын дәрігердің елден алған алғысы ерен. Бұдан бөлек, көп жылғы сіңірген еңбегі де еленіп, бірнеше рет Құрмет грамотасы және өңірдің денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін төсбелгісімен марапатталған.
Ақ халатты абзал жан отбасында аяулы ана, ардақты жар. Ұл-қыздарынан бес немере сүйіп отырған әже.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Ақ халатты абзал жан! «Ақ халатты абзал ана» »