Елімізде қарт адамдарға деген қамқорлық жыл сайын артып келеді. Мемлекетіміз қарт адамдарға деген қамқорлықты экономикалық дағдарыс кезінде де тоқтатқан емес. Дегенмен, елімізде әлі де болса әлеуметтік көмекке мұқтаж егде адамдар бар. Әлемді жайлаған экономикалық қиындықтар біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Бүкіл әлем күрделі әрі маңызды кезеңді бастан өткізуде.
Кейбір қариялар жасы ұлғайған шағында жылулық пен мейірімге зәру. Барлық қазақстандықтарды, жұмыс берушілерді, бизнес құрылым өкілдерін, аға буынның ел игілігіне қосқан еселі еңбегін ұлықтауға, «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлық акциясына атсалысуға шақырамыз.
Өз елінің патриоты ретінде акцияға бей-жай қарамайтын азаматтар жергілікті әкімдіктермен, өңірлік ардагерлер кеңестерімен байланысқа шығып, үлестерін қосады деп сенім білдіреміз.
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі