Жәрмеңке аясында әртүрлі салада қызмет ететін жас кәсіпкерлер қолдарынан шыққан дүниелерін көпшілікке ұсынды. Жәрмеңкеге келушілердің дені студент жастар болды. Олар түрлі қолөнер бұйымдарын тамашалап, өзіне қажеттісін сатып алуда. Жәрмеңкеге қатысқан 60-қа жуық кәсіпкер өзара ынтымақтастықты дамытып, тәжірибе алмасуға және жаңа іскерлік байланыстар орнату үшін жағдай жасалды.
–«Мүмкіндіктер алаңы» жәрмеңкесі жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің, олардың әлеуетін ашудың және қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудың маңызды қадамы болып табылады, – дейді Жастар ресурстық орталығы талантты жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Қуаныш Серікбаев.
С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ