Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай тұрғындармен жеке қабылдау өткізді.

58443306 328728374473733 2558140086944268288 n

Кездесу барысында Қайрат Ырзақұлұлы қабылдауға жазылған 11 азаматтың талап-тілегін мұқият тыңдады. Кестеге сай өткен қабылдауда азаматтардың көпшілігі шағынаудандардағы жол құрылысы, көлік мәселесін көтеріп, көмек сұрады.

Сондай-ақ бұқаралық спорт, ауыз су, жер, білім салаларына да қатысты бірқатар сұрақтар болды.

Осы орайда қала әкімінің бірінші орынбасары тарапынан тұшымды жауаптар беріліп, заңдылықтары түсіндірілді.

Қабылдау барысында Қайрат Нұртай аталған мәселелер бойынша тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.

Қабылдауға келген қала тұрғындары Қайрат Ырзақұлұлына өз ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Үшінші мегаполис әкімдігінде алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезекті қырық жетінші сессиясы өтті. Оған мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова, депутаттар мен аудан әкімдері, жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты.

Жиында 31 мәселе қаралып, оның ішінде төрт басқарманың атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

2021

171,1 млрд теңге 181,4 млрд теңгеге көбеймек

Мәжілісте ең алдымен 2019-2021 жылдарға арналған қала бюджеті нақтыланды. Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова қала мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы биылға арналған бюджет көлемінің шешіміне өзгертулер енгізуді, яғни, 171,1 млрд теңгені 181,4 млрд теңгеге көбейтуді ұсынды.

Әкім орынбасарының мәліметіне сәйкес, қаржының басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталған.

Атап айтқанда қаражат тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көмегін қосымша қамтамасыз етуге, құрылысы бітпеген Тассай шағынауданы, Тәуке хан, Адырбеков көшелерін, Қонаев, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылдарының құрылысын жалғастыруға, Сыпырған ата құрылыстары мен Мангелдин көшесіндегі жерүсті өткелді толық орнатып аяқтауға қаралды.

Сондай-ақ, 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қараушысы жоқ қарияларға, жетім балаларға, көзі көрмейтін, құлағы естімейтін азаматтарға арналған «Шапағат» және «Асыл жүрек» атты оңалту, сауықтыру орталықтарын құруға, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы республикалық ауруханада емделуге жылына 900 ересек пен 800 баланың жолақысын төлеуге, №2 аурухана мен перзентхананың күрделі жөндеу жұмыстарына, жер телімдерін мемлекеттік мұқтаждыққа алу үшін, жаңадан ашылған тексеру комиссиясының шығындарына, ескі қалашықтың археологиялық жұмыстарына, «Ордабасы» футбол қлубының шығындарына жұмсалады.

Бизнесті қолдау мен дамытудың «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға, мемлекеттік қызметшілердің факторлы-балдық жүйе бойынша еңбекақысын төлеуге, әлеуметтік маңызы бар қоғамдық көліктердің бағытын субсидиялауға да қала бюджетінен қаржы берілмек.

Тұрғындардың тілегі назарға алынды

Сессияда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына қала әкімінің тапсырмасы бойынша өзгерістер енгізілді.

Енді 1 маусым балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі 5598 мүгедек балаларға 5 АЕК, ҚР Тәуелсіздік күніне орай Желтоқсан оқиғасына қатысқан 10 адамға 60 АЕК көлемінде ақшалай көмек беріледі.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін бір реттік қаржылай көмек 100 мың теңгеге көбейтілді. Одан бөлек, иммун тапшылығы вирусымен өмір сүретін адамдарға 21 АЕК көлемінде төленеді.

Сонымен қатар, саяси құғын-сүргін құрбандары, одан зардап шеккендер, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға 400 АЕК көлемінде, ал отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда 100 АЕК тең қаржылай көмек көрсетіледі.

Бұрын Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» I және II дәрежелі ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға шипажайда емделуге тегін жолдама берілсе, енді мәртебесі белгіленбеген зейнеткерлерге жолдаманың 50 пайызы қала бюджетінен төленеді.

Ал 80 жастан асқан қараушысы жоқ қарияларға төленетін жәрдемақының мөлшері 2 АЕК дейін өсті.

Сонымен қатар, мәжілісте Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Дене шынықтыру және спорт, Мәдениет және тілдерді дамыту, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармаларының жетекшілері 2018 жылы және биылғы соңғы екі айда атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясы құрылып, оған мәслихат өкілі ретінде депутат Төреайым Сұлтанова тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес құрамына қосылды.

Жиында «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру және «Құрмет» грамотасын беру туралы Ережелері де бекітілді. Енді жылына бір рет салтанатты түрде он адамға дейін «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы беріледі.

Бұл атаққа қаламызға айрықша еңбегі сіңген, оның ішінде экономиканы, әлеуметті саланы, ғылым мен білімді дамытуға және интелектуалды әлеуметті дамытуға үлес қосқан, сонымен қатар мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістігі бар, жұрттардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін, шығармашылықта, бизнесте, спортта, қайырымдылық шараларында белсенділік танытып, жемісті жұмыс істеген азаматтар ие бола алады.

Атақты беру туралы шешімді Шымкент қаласы мәслихаты қабылдайды.

Шымкент қаласындағы Ұлттық теннис орталығында ITF Women's халықаралық турнирі мәресіне жетті.

теннис

Турнирдің жүлде қоры – 15 мың АҚШ доллары. Жарыстың жұптық сынағында 1 орынды ресейлік теннисші Eкатерина Казионова мен Анастасия Захарова ұтып алды. 2-орында – Тамара Чурович (Сербия) пен Eлена Мылыгина (Эстония). Жекелеген сайыста 1-орынды ресейлік Дарья Kружкова иеленсе, 2-орынға тағы бір ресейлік теннисші Анастасия Захарова тұрақтады.

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы екі жаңа ойыншымен толықты. Олар — бразилиялық жартылай қорғаушы Жоао Пауло мен оңтүстікафрикалық жартылай қорғаушы Мая Махлангу.

ордабасыы

31 жастағы Жоао Пауло Бразилия футбол мектебінің тəрбиеленушісі. Жартылай қорғаушы Болгарияның екі дүркін чемпионы атанып, бір рет Суперкубокқа қол жеткізген. Ойыншымен еңбек келісімі 2019 жылдың қараша айына дейін жасалған.

Ал Май Махлангу ОАР ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы. Жартылай қорғаушы швециялық «Хельсинбург», «Хассельхолм» жəне «Гётеборг», одан бөлек, түркиялық «Коньяспор», бельгиялық «Сент-Трейден» мен бухаресттік «Динамо» командаларында өнер көрсеткен.

Жеткен жетістіктеріне тоқталатын болсақ, екі дүркін Швеция чемпионатының үздік ойыншысы, Швеция чемпионатының жеңімпазы, Швеция кубогы мен Суперкубогында екі реттен жеңімпаз атанған. «Ордабасы» мен «Лудогорец» клубтары арасындағы Мая Махлангуды жалға алу келісімі 2019 жылдың қараша айына дейін қарастырылған.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет» қоры бірлесіп «Баспанаға жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруды қолға алды.

Без имени-1

Тұңғыш рет қолға алынып отырған «Баспанаға жол» қайырымдылық акциясының мақсаты мен шарттары - көпбалалы отбасы болуы керек. Оның ішінде, жағдайы төмен, жеке баспанасы жоқтығы, пәтер жалдап тұратын, жұмыссыз отырған, асыраушысынан айырылған жандар болуы қажет.

Осындай жағдайға түскен отбасыларға аз болсада пәтер ақыларына қол ұшып беріп, демеп жіберу.
Аталмыш акциясыға Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай Қыдырбайұлы тарапынан тиісті тапсырмалар беріліп, шараның тұрақты ұйымдастыру қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Әзімбаевтың бастамасымен қаладағы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының имамдары жауапты болып саналады.

Шымкентте Мангелдин көшесінде орналасқан жерүсті өткелінің бір бөлігі орнатылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті.

мангелдин өткел

Естеріңізге салсақ, аталған жерүсті өткелінің құрылыс жұмыстары 2016 жылы басталған болатын. Сол кезде шаһар басшылығы тұрғындардың шағымына орай бірқатар өзгеріс енгізуді қолға алды.

Оған сәйкес көпір жобасында поликарбонаттан жасалған шатыр, қимыл мүмкіндігі аз тұрғындарға арналған жеделсаты орнатылып, тірек бөліктері кеңейтілетін болды. Бұл өзгеріс болашақта көпірге эскалатор орнату үшін енгізілді.

Жалпы, Темірлан тасжолы мен Мангелдин көшесі қиылысында жаяу жүргіншілердің қарасы қалың. Соның салдарынан көлік кептелісі жиі болып жатады. Жаңа өткел тұрғындардың ары-бері өтуіне ыңғайлы болмақ.

Қазіргі таңда өткелдің құрылысы аяқталуға жақын. Қала әкімдігіндегі жауапты мамандардың мәлімдеуінше, өткел биыл шілдеде ел игілігіне берілмек.

Шаһарда алып спорт сарайы салынады

Пятница, 08 Февраль 2019 04:20

Үшінші мегаполисте Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасының алауы жағылды. Тартысты дода 5 ақпаннан бастау алып, 10 ақпанға дейін жалғасады.

1

Ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, спартакиаданы ашық деп жариялады.

– Елбасының спорт пен дене шынықтыруды дамыту жөніндегі бастамалары негізінде Шымкент қаласындағы Қажымұxан атындағы орталық стадионы ФИФА талаптарына сай толықтай жаңартылады. Футбол алаңының көгалына дейін қайта төселеді. Сонымен қатар шаһарымызда алып спорт сарайы салынады. Онда ойын алаңдарымен қатар, бокс, күрес залдары және су бассейні заманауи үлгіде болады. Шымкент қаласының спортшылары үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылады, – деді
Ғабидолла Әбдіраxымов.

Еліміздің әр өңірінде жалғасатын бəсірелі бәсекеде қатысушылар спорттың 40 түрі бойынша сынға түсіп, жыл соңына дейін жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталатын болады. Бесінші жазғы спартакиадаға еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан 700-ден аса спортшы қатысуда.

Спартакиаданың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және спортшыларды әлемдік жарыстарға дайындау. Атап айтсақ, 2019 жылы Астанада өтетін күрес түрлерінен Әлем чемпионаты мен 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындары алдында дайындық жүргізу.

Спартакиада бағдарламасындағы күрес (грек-рим, еркін және әйелдер күресінен) түрлерінен өтетін додалы жарысқа еліміздің 14 облысы мен 3 қаладан келген 400-ден астам спортшы өз мықтылықтарын дәлелдейтін болады.

2025 жылға қарай Шымкент өзін толықтай қаржыландыра алады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Сенаттың жалпы отырысында жан-жақты айтып берді.

Шымкент қай кезеңнен бастап дотациялық өңір атауынан шығады? Сенаттың жалпы отырысында депутаттар министрден
Шымкент қаласы бүгінде дотация алып отырғанын айта келе аталған шаһар қай уақыттан бастап өзін-өзі толық қаржыландыра алатынын сұрады.
«Шымкент қаласының экономикалық әрі қаржылық тұрғыда әлеуеті жоғары. Жақында қала өзін-өзі қамтамасыз ететін деңгейге жетеді. Біз шаһар әкімдігімен тиісті есептеулерді жүргіздік. Экономикалық даму жоспарын ескере отырып, 2025 жылға қарай Шымкент аталған межеге шығады», - деді Тимур
Сүлейменов.
Айта кетейік, Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңы қабылданды. Аталған құжатты қабылдау заңнамалық актілердің республикалық маңызы бар қалаларға қатысты нормаларын Шымкент қаласына да қолдануға мүмкіндік береді.

Страница 7 из 12