Дін өкілдерін қабылдады

Среда, 07 Август 2019 05:18

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Б.Бейсенбаев және имам орынбасарлары Шымкент қаласының әкімі Е.Айтахановтың қабылдауында болды. Кездесу барысында алдағы «Құрбан айт» мерекесіне орай бірқатар мәселелер жөнінде әңгіме қозғалды.

204

Қала басшысы дін саласындағы бүгінгі өзекті мәселелердің бірі – дәстүрлі дініміздің қазақы дәстүрімізге сай болуы керектігін тілге тиек етті.
– Жастар арасында дәстүрлі дінімізді насихаттауда ел ішіндегі белсенді, беделді қариялармен жиі басқосулар өткізу қажет. Үлкенді сыйлаған ел емеспіз бе, үлкендер насихат айтса, жастар да мойын бұрары сөзсіз, – деді Ерлан Қуанышұлы.
Қала басшысы діни салада туындаған өзекті мәселелерге қажетті қолдау білдіретіндігін жеткізді.

Кездесу соңында Б. Бейсенбаев қала әкіміне Отырар ауданында республика деңгейінде дін саласында ұйымдастырған іс-шарасы үшін ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Алғыс хатын» табыс етті.

Ардагерлермен кездесті

Среда, 07 Август 2019 05:16

Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері қала әкімі Ерлан Айтахановпен кездесуге келді. Ел ағалары жаңа тағайындалған қала әкімінің жұмысына сәттілік тілеп, баталарын берді.

203

Әңгіме барысында қоғамның бірлігі мен ынтымағын арттыру және қала мәдениетін дамыту жайы сөз болды. Өз кезегінде, қала әкімі ел ағаларына алғысын білдіріп, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.
«Мемлекет басшысы Шымкент қаласын өркендету және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар беріп отыр. Яғни, қаланың шеткі аймақтарындағы шағынаудандардың инфрақұрылымын дамыту - басты тапсырмаларының бірі. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыратын боламыз», – деді Е. Айтаханов. Сонымен қатар, басқосуда әлеуметтік салалардағы ауқымды мәселелер талқыланды.

Сөз соңында қала басшысы зиялы қауым өкілдерін келер жылы өтетін Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы жылын абыроймен өткізу үшін бір кісідей атсалысуға шақырды.

Шетелдік инвесторлар келді

Пятница, 26 Июль 2019 03:29

Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков, «Shymkent» ӘКК» АҚ төрағасының орынбасары Р.Ерменбеков түркиялық «Uyanik Yataganli» компаниясының өкілдерімен кездесті.

Инвесторлар 1

Бұл компания Түркиядағы ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын жетекші компания. Жиында компания өкілдері ауыл шаруашылығы техникалары өндірісін Шымкент қаласында іске қосу жоспары туралы хабарлады.

Басқарма басшысы А.Қаныбеков қонақтарға Шымкент қаласының инвестициялық климаты мен инвестициялық мүмкіндіктерін, мемлекет тарапынан инвесторларды қолдау бағдарламаларын таныстырды және аталған жобаны агро-индустриялық аймақта іске асыру мүмкіндігін атап өтті.

Компания өкілдері Шымкент қаласының және еліміздің ауыл шаруашылығы техникаларына сұранысы бойынша талдау жүргізіп жатқандарын мәлімдеді. Басқарма басшысы бұл бағытта үшінші мегаполисте егілген дақылдардың түрлері мен көлемі бойынша ақпарат ұсынып, компания өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Кездесу нәтижесінде тараптар жобаны іске асыру бойынша тығыз жұмыс істеуге келісті.

Шымкенттің медицина мамандары елордада өткен жедел жәрдем бригадалары арасындағы сайыста үздік атанды. Нұр-Сұлтан қаласында кезекті жедел медициналық көмек бригадаларының және қабылдау бөлімшелері командаларының IV республикалық жарысы өтті.

Жедел-1

Сайысқа республика бойынша 17 команда қатысып, Шымкент қаласының жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының бригадасы үздік атанды. Жерлестеріміз сайыста түрлі жарақаттар, анафилактикалық шок, ЭКГ оқу, босану, жедел коронарлы синдром, клиникалық өлім жағдайы бойынша сындардан сүрінбей өтіп, жедел медициналық қызмет көрсетуде үздік екендерін көрсете білді.

Жалпы сайыстың қорытындысы бойынша қалалық жедел жәрдем бригадасы екінші орынға ие болды.
Айта кетсек, жарыста қалалық жедел жәрдем бригадасының құрамында дәрігер Мақсат Малыбаев, фельдшерлер Бауыржан Орынбаев мен Медетбек Салтанат сынды білікті мамандар болды.

Шымкентте 22 шілдеден бастап қала ішіндегі №96 бағытта қатынайтын ескі «Газель» көліктерінің орнына жолаушыларға жаңа автобустар қызмет көрсетуде. Бұл туралы алғаш болып Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай Іnstagram әлеуметтік желісінде жариялады.

Жасыл-2

– Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! «Shymkent bus» автобус паркіне алынған жаңа автобустар қала ішіндегі бағыттарда қызметін бастады. Тамыз айының ортасына дейін осындай автобустар жүретін басқа да жаңа бағыттар ашылады. Жаңа ашылған бағыттар бойынша хабарлап отырамыз, - деп жазды Қайрат Ырзақұлұлы.

Айта кетейік, 19 маусым – қала күніне орай Шымкентте жаңа «Shymkent Bus» автобус паркі ашылған болатын. Осы күні жоспарланған 300 жаңа автобустың 160-ы жеткізілді. Автопаркте жанармай бекеті, сервистік орталық, автожуу қызметінен бөлек, қызметкерлер үшін жатақхана, медпункт және жүргізушілерге арналған асхана да қарастырылған.

Қаладағы автобустарды жаңалау үшін аталған парк таяу арада жаңа 1000 автобус алмақ.

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарында Шымкент қаласының əкімдігіне тиесілі секторда белсенді жұмыс жүруде.

АРЫС ШЫМ

№10 сектордың штабы Арыс қаласындағы М.Əуезов атындағы орта мектепте орналасқан.

Штаб басшысы, Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Б.Мамыталиевтің мәлімдеуінше, №10 секторға қарасты 646 үйдің 613-ін қалпына келтіру қажет. Қазіргі таңда 143 үй қалпына келтіріліп, 25 үй толық қайта салынады.

Айта кетсек, Шымкент қаласының әкімдігі 11 мердігер мекемемен келісім-шарт жасасты. Қазіргі таңда Шымкент секторында қалпына келтіру жұмыстарына 512 жұмысшы жұмылдырылған.

Жыл сайын Қазақстанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 1000 пәтерден беріледі. Осы орайда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова баспасөз мәслихатында бағдарламаға кімдер қатыса алатынын айтты.

DSC 4760

– Жастар көп үш қала – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте 1000 пәтерден беріледі. Оны сатып ала алмайды. Біз жастарға аяққа тұрып кеткенше мүмкіндік береміз. Баспана алуға ақша жинау оңай емес. Әртүрлі мемлекеттік бағдарлама болса да ақша жинауың керек, – деді вице-министр.

Жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау қыркүйекте басталады.

– Бағдарлама ережесі сайтымызда 1 тамызда жарияланады. Ең алдымен 29 жасқа дейінгі жастар қатысады.

Егер отбасылы болса, асырауында мүгедек ата-аналары немесе мүгедек балалары болса, қосымша жеңілдіктерге ие болады. Жалға берілетін тұрғын үй үш жылдан бес жылға дейін беріледі. Жергілікті атқарушы билікпен және басқа да министрліктермен тағы да қарастырамыз, – деді Омарбекова.

Сондай-ақ, вице-министр жалға үй алғысы келетін адамның тұрғын үй бағдарламаларының бірінде жинағы болуы тиіс екенін айтты.
Еске сала кетсек, биыл Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында 26 үй пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы саласына инвесторларды тарту мақсатында басқарма басшысы А.Қаныбеков және «Shymkent» ӘКК» АҚ төрағасының орынбасары Р.Ерменбеков Сауд Арабиясынан келген әріптестерімен кездесті.

Ауыл шаруашылығы

Жиында А.Қаныбеков Шымкент қаласында ауыл шаруашылығын дамыту әлеуетін таныстырды. Оның ішінде инвесторларды қолдау және тарту үшін жүзеге асырылатын мемлекеттік қолдау туралы айтты.

Сондай-ақ, қонақтарға Шымкент қаласының 136 гектар жердегі агро-индустриялық аймағының жобасымен және құрылыс барысы таныстырылды.

Жиын қорытындысы бойынша екі тарап Шымкент қаласының АӨК-не инвестиция тарту бойынша жұмысты бірлесіп жалғастыруға келісті.

Страница 4 из 12