–Көрші Ресей елінде эпидемиологиялық жағдай күннен күнге өршуде. Шымкент қаласында да жағдай тұрақсыз. Инфекцияға шалдыққан науқастар саны күн санап артуда. Қазір қауіпті инфекцияны жұқтырған 24 науқас ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Коронавирус жұқтырғандар арасында өлім-жітім көрсеткішінің саны артуда.
Осы орайда вакцинация инфекциялық жұқпалы аурулардан, соның ішінде COVID-19-дан қорғанудың ең қауіпсіз әрі тиімді жолы. Сондықтан жаппай вакциналау өте маңызды. Бір жылдан аса уақыт болды осы індетпен бірге өмір сүріп келеміз. Қаладағы барлық емханаларда вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деді мәлімдемесінде қаланың бас дәрігері Бақытжан Позилов.
Айта кетейік, Шымкентте барлық емханаларда вакцина таңғы 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жүргізіледі.