Жаңа оқу жылында – 20 мектеп Избранное

Среда, 23 Июнь 2021 03:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1291 раз

Шымкентте жыл соңына дейін 20 мектеп пайдалануға беріледі. Олардың ішінде 4-уі – мемлекеттік, қалған 16-сы – жекеменшік білім ордалары. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева бастаған салаға жауаптылар құрылыс алаңдарын аралап, білім нысандарының жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады.

267

 

Ең алдымен Тоғыс тұрғын алабында орналасқан №120 жалпы орта мектепке барып, 300 орындық қосымша оқу корпусының құрылысымен танысты.
Айта кетейік, мұнда құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталған, шілде айынан бастап абаттандыру жұмыстары қолға алынады. Білім ғимаратын дер кезінде қолданысқа беруді ескерткен Шыңғыс Жұмабекұлы құрылысшыларға еңбек қауіпсіздігін сақтауға мән беруді тапсырды.

261


Сайрам тұрғын алабы аумағында орналасқан 120 орындық білім нысанының қосымша құрылысы да қызу жүргізілуде. Құрылыс барысында Шыңғыс Жұмабекұлы мердігерлерге ғимаратты әрлеу жұмыстары кезінде дизайнер мамандарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізуге ұсыныс берді.
Салаға жауаптылар Сайрам шағынауданындағы 300 орындық мектептің құрылысын да көзбен көрді. Құрылысшыларға өндірістік кестеден кешікпей, білім ғимаратын 1-тамызға дейін тапсыру қажеттігін ескертті.
Ал, Сайрам тұрғын алабында да «Яссауи» жекеменшік мектебінің құрылысы жүруде. Бұл аумақта екі мемлекеттік мектеп бар. Дегенмен бала саны көп. Жекеменшік-әріптестік негізде салынып жатқан нысан үш ауысымды білім алудың мәселесін шешті. Заманауи талапқа сай бой көтерген 475 орындық жекеменшік мектепті жаңа оқу жылында ел игілігіне беру жоспарлануда.
–Біздің алдымызда екі бірдей міндет тұр. Бірі – білім сапасын көтеру болса, екіншісі – мұғалімдердің біліктігін арттыру. Бұл ретте инфрақұрылымның да маңызы айрықша. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бекіткен жоспарға сәйкес 2025 жылға дейін қалада 72 мектеп бой көтереді. Биылдың өзінде 32 мектептің құрылысы жүргізіліп, жыл соңында 10 222 орынға арналған 20 мектеп пайдалануға берілгелі отыр», - деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы.
Шымкентте жылдан жылға демографиялық өсім байқалуда. Бұл білім нысандарына деген сұранысты арттырып келеді. Есесіне, еліміздегі жеке инвесторлардың есебінен салынып жатқан мектептер саны бойынша бүгінде Шымкент көш бастап тұр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.