Мәселен, 2021 жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысымен өнеркәсіп өнім көлемі 243,3 млрд. теңгені құраса, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,4 пайызға жеткен. Бұл көрсеткішпен қаламыз еліміз бойынша бірінші бестікке кіріп отыр. Сондай-ақ, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 111,3 мың шаршы метрге жетіп, 6,3 есеге ұлғайған. Бұл көрсеткіштің өсімі бойынша қаламыз республикада көш басынан көрінді.
Ал, ауылшаруашылығының өнім көлемі 9,3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 1,6 пайызға өскен. Инвестиция көлемі 59,7 млрд. теңгені құрап, 25,2 пайызға артты. Өсім бойынша қаламыз республикада бірінші бестікке кірді. Сонымен қоса, құрылыс жұмыстарының көлемі 19 млрд.теңгені құрап, 22,5 пайызға өсті.