Көктемгі тазалық жұмысы – көптің ісі Избранное

Среда, 21 Апрель 2021 04:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1922 раз

Шымқалада көктемгі санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда. Қаладағы төрт ауданға қарасты басты көшелер мен тұрғын алабтардағы аяқжолдардың бойы техникамен
механикалық түрде жуылды.

658

 

Абай ауданы аумағындағы жұмыстар таңғы 6-дан басталып, аяқжолдар мен ирригациялық жүйелер қоқыстан тазартылды. Оған 96 жұмысшы, 59 арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданында да ауқымды тазалық жұмыстары атқарылды.
Ал Еңбекші ауданында көпқабатты үйлердің ауласы мен ішкі орам көше бойларындағы жасыл аймақ, жаяу жүргіншілер жолы қоқыстан тазартылды.
Жалпы аудандағы 27 көше, 3400 метр аяқжол мен 17,4 шақырым ирригация және арық жүйелері тазаланды. Жұмысқа барлығы 22 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, Қаратау ауданы аумағында да аулаларды абаттандыру, қоқыстан тазарту жұмыстары – күн тәртібіндегі мәселе.
Асар шағынауданы мен Бозарық саяжайы, Бозарық тұрғын алабы мен Тұран, Қайтпас, Нұртас шағынаудандарында айналаны тазалау және күл-қоқыстарды жинау жұмыстары атқарылды. Тазалық жұмыстарына жалпы 80 жұмысшы, 12 техника жұмылдырылды.
Сондықтан, аудан әкімдіктері тұрғындар мен кәсіпкерлерді өздері тұратын аумақтың тазалығы мен абаттандыру жұмыстарына тұрақты қатысуға шақырады. Өйткені өзіміз тұратын ортаны таза ұстау – әр азаматтың міндеті!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.