Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және АҚШ-тың АЕСОМ компаниясының аймақтағы директоры Марина Констанян өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Тараптар қалада жүзеге асырылып жатқан Shymkent-City ауқымды жобасына ірі құрылыс компаниясының қатысуы туралы келісті.
АЕСОМ – сәулет және құрылыс саласындағы, сонымен қатар қалаларды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға маманданған халықаралық компания. Қазіргі таңда компания АҚШ-тың ірі корпорацияларының Fortune-500 рейтингінде 156 орынға ие.
АЕСОМ жүзеге асырған ірі жобалардың қатарында Дүниежүзілік сауда орталығы, Әбу-Даби, Гонконг, Лос-Анжелес әуежайларын, Мәскеудегі «Москва-City» жобасын атап өтуге болады.