– Қоғамдық орында жасалған қылмыстар – 55,8 пайызға, көшеде – 56,5, мас халде жасалған қылмыс – 2,6 пайызға, отбасылық-тұрмыстық қылмыстар – 42,9, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 45,2 пайызға төмендеген. Жалпы, қылмыстың алдын алу және болдырмау, жол-көлік оқиғаларының жолын кесуде бейнебақылау камералары тиімділігін көрсетуде. Қаламызда мекенжай бағдарламасына сәйкес, 3868 бейнебақылау камералары орнатылған. Оның 3177-і – «Сергек» камералары. Бұл бағытта жүйелі түрде жұмыстар атқару нәтижесінде, қаламызда 12 855 бейнебақылау камерасы Жедел басқару орталығына интеграцияланған, – деді Ұ.Мылтықов.
Бейнебақылау камераларының 3446-сы білім орталықтарында, «Қауіпсіз қала» қағидаты бойынша «Қазактелеком» акционерлік қоғамы тарапынан 2460-ы бұлтты бақылау (облачное наблюдение) үшін орнатылса, 1851-і темір жол, жер асты өткелдерінде, денсаулық сақтау объектілерінде, үй аулалары мен базар аумақтарында орнатылған.
Айта кетейік, мекенжай бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін қылмыстық қауіптілігі жоғары 3000 аумаққа бейнебақылау камерасын орнату көзделуде. Қазіргі таңда бейнебақылау камерасын орнатуға тұрғындардан 400-ге жуық өтініш келіп түскен.
Гүлнұр БАЛАБАСОВА