Қазіргі таңда 5 ірі табиғи монополия субъектісінің («Су құбыры және канализация» МКК, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС, «3-Энергоорталық» АҚ, «Қуатжылуорталық-3» МКК, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ШӨФ) заң талабына сәйкес 5 жылдық тарифі бекітілген.
- Бүгінде инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейі үш тәуекел тобына бөлінген. Желілердің тозу деңгейі жоғары, «қызыл» аймақтағы кәсіпорындар үшін инвестицияларды тарту басым тәртіппен жүзеге асырылады. Ал «сары» және «жасыл» аймақтардағы кәсіпорындар үшін 2023 жылы жөндеу жұмыстары бекітілген инвестициялық бағдарламалар шеңберінде жоспарлы түрде жүргізілді.
Жылумен жабдықтау саласында тозу деңгейі («3-Энергоорталық» АҚ) – 57,7, «Қуатжылуорталық-3» МКК – 40,09 пайызды құрайды.
2024 жылы жылу желілерінің тозу деңгейін 57,7 пайыздан 55,2-ға дейін төмендету күтілуде. Биыл 11,93 шақырым желіні жөндеу есебінен су бұру желілерінің тозу деңгейі 76,15 пайыздан 75,13 пайызға дейін төмендеуі көзделуде, — деді департамент басшысы.
Айта кетсек, қалада тариф белгілеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жария тыңдау, өңірлік комиссия отырысы жоспарға сай өткізіліп келеді. Сонымен қатар, 5 негізгі ірі табиғи монополия субьектісі қазіргі уақытта инвестициялық бағдарламаларын өз деңгейінде орындауда.