4 АУРУХАНАҒА ОТТЕГІ БЕКЕТІ ОРНАТЫЛАДЫ Избранное

Вторник, 14 Июль 2020 18:45 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2979 раз

788

Шымкент қаласындағы 4 аурухана базасында арнайы оттегі станциясы орнатылады. Олар қалалық перзентханада, қалалық жұқпалы аурухана мен №1 қалалық ауруханада және №2 көпсалалы ауруханада.

Аталған әр медицина мекемелерінде кислородтық 50 төсек-орын ашылады. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.
Ербол Садыр бұдан бөлек Шымкент қаласында тағы бір кислород өндіретін цех іске қосылатынын атап өтті. Онда күніне 1000-2000 дана оттегі баллоны шығарылмақ. Сонымен қатар ол қаладағы кислород өндіретін ірі 3 станцияның жұмысы тұрақты бақылауда екенін айтты.
Оның айтуынша, жалпы қалада 722 кислородтық төсек-орын бар. Ал қала аумағындағы барлық 24 ауруханада бір күнде 1200 кислородты баллон қажеттілігі туындап отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.