Қала бөлiмдерiнде – жаңа басшы

Пятница, 29 Июль 2016 06:49 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5437 раз

Шымкент қаласы әкімдігінде жаңа тағайындаулар орын алды. Тиісті тағайындау бұйрығына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қол қойды.

taghaindau

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің басшысы болып Қуанышбеков Бауыржан Шераханұлы тағайындалды. Бауыржан Қуанышбеков 1960 жылы 7 қазанда ОҚО Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1988 жылы «Экономика» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Осы тағайындауға дейін аталған бөлім басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
Жұмақұлова Әйгерім Әбдіохапқызы Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі-баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды.
Ә. Жұмақұлова 1991 жылы 1 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2012 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. «Халықаралық қатынастар» факультетін аяқтаған, мамандығы – «Аймақтану». Қызмет бабына сай Астана қаласынан Шымкентке қоныс аударған ол бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің бас маманы қызметін атқарды.

Последнее изменение Пятница, 29 Июль 2016 06:56
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.