ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Пятница, 05 Август 2022 05:14Биылғы бірінші жарты жылдықта Шымкент қаласында кәсіпорындар мен мекемелерде 12 жазатайым оқиға орын алған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында Шымкент қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов мәлімдеді.
1 225 200 ТЕҢГЕ грант иегері атануға асығыңыз
Пятница, 05 Август 2022 05:10Келесі аптаның дүйсенбі күнінен, яғни, 2022 жылдың 8 тамызынан бастап Шымкент қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты жұмыспен қамту орталығы 400 айлық есептік көрсеткіш (1 225 200 теңге) көлеміндегі қайтарымсыз мемлекеттік грантқа өтінім қабылдауды бастайды. Биыл Шымкент қаласында 1 150 грант беріледі.
МЕМЛЕКЕТ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАРЫЗДАНБАУЫНА МҮДДЕЛІ
Среда, 03 Август 2022 05:06Президент қол қойған жаңа заң соның айғағы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халықтың шамадан тыс қарыздануы мәселесіне назар аударып, тиісті органдарға табысы аз, әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған азаматтардың тым көп несие алуының алдын алуға бағытталған шаралар қабылдау туралы тапсырма берген болатын.
БОЛАШАҚҚА СЕНІМ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛЕ БАСТАДЫ
Пятница, 29 Июль 2022 05:28бұған билік пен бұқара байланысының жақсарғаны да сеп болуда
Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңына топтасқан халық Жаңа Қазақстанды құру жолында аянбай еңбек етуде. Жаңа қоғамның ең маңызды құндылықтары заң үстемдігі, әлеуметтік әділеттілік, ашықтық пен жариялылық екені баршаға аян. Осы құндылықтарды негізге ала отырып жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың алғашқы нәтижелерін халқымыз өз көзімен көріп, сезіне бастағандай. Оң өзгерістердің нақты бір көрінісін өңір әкімдерінің халықпен кездесулерінен байқауға болады.
ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Среда, 27 Июль 2022 05:56қала әкімі маңызды нысандардың құрылысын бақылады
ХХ ғасырдың өзінде адамзаттың алдында транспорттық дамуға байланысты өткір мәселе пайда болды. Бір жағынан халықты жаппай автомобильдендіру жүріп жатса, екінші жағынан ортақ пайдаланудағы жолдар мен инфрақұрылымның дамуы оған ілесе алмай қала беретін. Осылайша әлемнің ірі қалаларында өткен ғасырдың сексенінші жылдарының өзінде бұл проблема өзекті бола бастаған. Ал, бүгінде бұл проблема жаһандық сипатқа ие болып тұр.
ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Пятница, 22 Июль 2022 04:33«Отбасы банк» акционерлік қоғамының Шымкент қалалық филиалы өз салымшыларына арнап экскурсия ұйымдастырды. Онда баспаналы болудан үмітті азаматтар үшінші мегаполисте салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен, сатуға шығарылған пәтерлердің жобасы, сапасы және бағасымен танысты.
БАС ЖОСПАР: 149 ҰСЫНЫС АЙТЫЛДЫ
Пятница, 22 Июль 2022 04:32Шымкент қаласы бас жоспарының жобасын ашық қоғамдық талқылау мәресіне жетті. Бір ай бойы жалғасқан талқылауға 2 мыңнан адам қатысып, 149 ұсыныс келіп түсті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.
ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТТІ ТОЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ЖОЛ АШАДЫ
Пятница, 22 Июль 2022 04:25Өткен жылы Еуропа Одағы мен Қытай арасындағы сауда айналымы 1 триллион евродан асып түсті. Бұл әлемдегі ең ауқымды сауда серіктестігі деуге әбден негіз бар. Қазақстан – бір-бірімен осыншама ауқымды алыс-берісі бар қос серіктестіктің ортасында жатқан транзиттік әлеуеті өте жоғары мемлекет. Бірақ, бүгінде аспан асты елі мен кәрі құрлық арасындағы сауда-саттық негізінен дүниежүзілік теңіз жолы арқылы жүреді. Себебі, тауарды су жолымен тасымалдау әуе көлігі арқылы тасымалдауға қарағанда 10 есе арзанға түседі екен. Мамандардың айтуынша, теңіз жолының жалғыз кемшілігі – Қытайдан Еуропаға тауар жеткізу үшін 45 тәулік уақыт кетеді. Егер сол тауар құрлықпен, яғни, Қазақстан аумағынан темір және автокөлік жолдары арқылы тасымалданса, 15 тәулікте діттеген жеріне жетер еді. Ол үшін еліміздің көлік-логистика кешені әлемдік стандарттарға сай болуы тиіс.