Шымкенттегі Шәмші Қалдаяқов атындағы «Арыс жағасында» VII ретро-фестивалінде VII Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық ән байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Шәмші әлемі» гүлзарында өткен салтанатты шарада облыс әкімі Ж.Түймебаев жеңімпаздарды марапаттап, оларға сый-сияпат жасады.
Халықаралық ән байқауының бас жүлдесіне қызылордалық Назым Сағынтай лайық деп танылды. І орынға Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Диана Хашимжанова ие болса, ІІ орын алматылық Тілекбай
Нағымбаев пен астаналық Еркебұлан Тұрмағамбетовке бұйырды. Ал астаналық Жалғас Сұлтанов пен Марат Айтымбай және Лаура Айтбаевалар (Қарағанды) жүлделі ІІІ орыннан көрінді.
Сондай-ақ, салтанатты шарада облыс әкімінің арнайы жүлдесімен Қытай Халық Республикасынан келген Асылхан Дәстүр марапатталса, арнайы диплом қырғызстандық Биназира Аблаеваға табысталды.