Бассүйек-ми жарақаттары

Вторник, 21 Май 2024 11:47 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 216 раз

Бас ми жарақаты – бастың зақымдалуы кезінде дамитын симптомокомплекс. Жабық бас ми жарақаты бас терісінің бүтіндігінің бұзылмағандығымен, геморрагиялық сұйықтықтың жоқтығымен, яғни мұрын, құлақ жолдарынан геморрагиялық сұйықтық ағуы болмауымен ерекшеленеді. Жоғарыда келтірілген белгілерінің біреуі болса, көрінсе -  бас ми жарақатын анық деу керек.

 

Диагностика критерилері

Оқиға орнында жағдайды бағалау, травматогенезді бағалау, жəбірленушіні тыңғылықты тексеру. Қолда бар белгілердің негізінде бас ми жарақатының ауырлығын бағалау.

Мынадай белгілердің болуы айқын байқалады:

- бас ауыру;

- есінің бұзылуы мүмкін;

- бас айналу;

- ұйқышылдық;

- əлсіздік;

- жүрек айну;

- құсу;

- ес жоғалту;

- тұрақты немесе қысқа уақыттық амнезия.

Бастың шашты бөлігінде жырылулар, гематомалар, жарақаттар. Бір немесе екі жақтық параорбиталдық гематомалар («көзілдірік»). Бір немесе екі жақтық құлақ тесіктерден, мұрын жолдарынан қанды бөлінулер.

 

Емдеу тəсілі
 

Ес жоғалтқанда жəне құсу болғанда – тұрақты бүйірлік қалып, ол құсық массасының жеңіл кетуіне көмектеседі жəне аспирациялық пневмонияның алдын алады.
Шок кезінде, терминалдық жағдайда жəне клиникалық өлім кезінде - инфузиялық ем, жүрек - өкпе реанимациясы көрсеткіштер бойынша.
Психомоторлық қозу кезінде, тырысулы синдром кезінде, тырысуға дайындық кезінде – атропин 0,1% ерітіндісі 0,5-1 мл тері астына, диазепам 0,5% ерітіндісі 2-4 мл бұлшықетке ( көк тамырға ).

Гипертензиялық синдромда – фуросемид 1% раствор 2-4 мл көк тамырға.

Ауыру синдромында – кеторолак бұлшықетке немесе трамадол 0,5% ерітіндісі 2-4 мл (100-200 мг) бұлшық етке (көк тамырға).

Сыртқа тыныс бұзылысында – ауыз жұтқыншақтың санациясы, ауа үрлегіш. Жара кезінде - асептикалық таңу.
 

Жоғарыда келтірілген емдік іс-шараларды жүргізгеннен кейін, ең жақын стационарға зембілде функционалдық тиімді қалыпта шұғыл түрде жеткізу керек.

Ақылбек.Е.Қ

Қазақстан РеспубликасыТөтенше Жағдайлар Министрлігі

«Апаттар медицинасы орталығы» (Астана қаласы ) ММ-нің Шымкент қаласы бойынша филиалының «Қазығұрт» трассалық

медициналық құтқару пунктінің фельдшері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.