Отырыста департамент бастығының орынбасарлары: Әділет подполковниктері Бағдат Замирұлы Әсілбеков пен Пархат Әміралиұлы Исақбаев баяндама жасады.
Сондай-ақ, жаппай бейнебақылау және сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселелері бағытындағы жұмыс нәтижелері талқыланды.
Нəтижесінде Ұлттық ұлан әскерлері арасындағы өзара іс-қимылды, алдағы жылы іске асырылатын мекемелердің жұмысын жақсарту бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.
Жиналыс соңында Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Теңізжан Нұрмаханұлы Жәнібеков қорытынды жасап, қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, барлығына денсаулық пен отбасыларына амандық, қызметте табыс тіледі.